jasqazaq.kz

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен босатылды

05 қыркүйек 2018, 17:31

Еркін Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

«Қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» 28.06.2018 жылғы №707 жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды. Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы — сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді