jasqazaq.kz

Димаштың көпшілік білмейтін қырлары

29 қараша 2017, 10:21

Димаштың шетелдегі үлкен концерті Қазақстанның Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсанда Чанша қаласында өтеді.Композитор, әнші, Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев “Таңшолпан” бағдарламасында қонақта болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды stan.kz.

“Біздің шығармашылық бағытымыз қазір Димаштың жолымен тікелей байланысты. Димаш халықаралық іс-шараларға дайындалып жатыр.

Биыл маусым айында елімізде басталған шоу-концерт жалғасын табады. Жоспар бойынша 16-желтоқсанда Қытайда Чанша қаласында үлкен концерт береді. Сол концертке қазір халықаралық деңгейдегі сазгер, режиссер, бишілер тобымен әзірлік жүріп жатыр”, — деп хабарлады Айтбаев.

Сондай-ақ ол әнші үшін физикалық дайындықтың маңызын және Димаштың қандай спортпен шұғылданатынын айтты.

“Жалпы, ән айту үшін адам физикалық тұрғыда мықты болуы керек. Кейде Димашты нәзік көрінеді деп айтып жатады, бірақ ондай емес, ол спортпен өте жақсы шұғылданған жігіт. Жүзумен көп шұғылданды, шығыс жекпе-жегімен де айналысқан кездері болды. Барынша қарулы жігіт.

Әншінің сахнада өзіне сенімділігі физикалық тұрғыдағы күшімен ұштасып жатуы керек. Ән айтқанда диафрагма мықты болуы керек, өкпенің тыныс алу көлемі де үлкен болуы қажет. Қазір концертке күніне төрт-бес сағат би дайындап жатыр. Ал бұл үлкен физикалық дайындықты қажет етеді”, — деді ол.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды