jasqazaq.kz

Димаштың ата-анасы келіндері туралы айтты

20 қыркүйек 2018, 16:12

Қытай қызын қалыңдық қылған Димаштың суреті желідегі жұртқа жақпай қалған еді. Әншінің ата-анасы аспан асты елінен ақ келін айттыруға қаншалықты дайын екендерін айтты.

Танымал әншінің әке-шешесі аралас неке дегенге қарсы екен. Димашты әлем танығанымен, қазақ баласы өз ұлтының қызына үйленуі тиіс дейді. Осы орайда әкесі, ұлының қандай тәрбие көріп өскенін айтып берді.

«Димаш қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді сіңіріп өскен бала. Сондықтан біздің үйімізде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанады. Оның үстіне айналамыздағы ағайындардың қаншалықты талапты екенін Димаш біледі», — деді Қанат Айтбаев НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында.

Ал әншінің анасы болашақ келіндерінің қандай болуы керектігін айтты.

«Болашақ келініміз қазақы, тәрбиелі, ең бастысы, көрегенді жердің қызы болса екен дейміз. Білімді болғанын да қалаймыз. Осы айтқандарымыздың барлығы балалардың құлағында қалатын шығар», — деді Света Айтбаева.

Десе де, әншінің анасының айтуынша, таяуда бұл әулетте той болмайды.

«Димаштың қазіргі таңда жоспарлары жұмыспен байланысты болып тұр. Сондықтан әзірге үйлену туралы мүлдем айтпайды. Бірақ айтса екен деп тілектес болып жүрміз», — деді ол.

Жуырда әнші қытай қызбен бірге 20 минуттық туындыға түсіп, өзге тыңдармандарын қызғандырып қойған еді.

sputniknews.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді