jasqazaq.kz

Димаштың анасы баласының жоспарымен бөлісті

14 қазан 2017, 12:16

Желтоқсан айында Қытайдың Гуанчжоу қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Оған әншінің Қазақстандағы, оның ішінде Ақтөбедегі фанаттары да баруы мүмкін.

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.

Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, желтоқсан айының ортасында Гуаньчжоу қаласында Димаштың «Бастау» атты үлкен жеке концерті өтеді.

«Гуаньчжоудағы концерттен кейін Димаш Лос-Анджелесте стажировкадан өтуі керек. Баланың оқуды сәтті аяқтап, диплом алғанын күтіп жүрміз. Сондықтан әзірге өзге концерттермен Димаштың көңілін алаңдатқымыз келмейді», — деді Светлана Айтбаева.
Әншінің Мира есімді ақтөбелік фанатының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы барлық фан-қозғалыстар Қытайға барып-қайтуды ойластырып жатыр.
«Әрине, жол ұзақ. Дегенмен, Димаштың ондағы концертін көргісі келетіндер аз емес», — деді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде