jasqazaq.kz

Димашпен би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

03 қазан 2017, 10:21

Димаш Құдайбергеннің менеджері әрі жақын досы Алпамыс Шәрімов Орал қаласында қайырымдылық бал ұйымдастырып, әншілердің басын қосты, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған шараға әлемге танылған жерлесіміз Димаш Құдайберген, сондай-ақ, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Кәмшат Жолдыбаева, Ренат Гайсин сынды бірқатар отандық жұлдыздар атсалысты.

Қайырымдылық бал аясында жұлдыздар қарттар, балалар үйін аралап, жаны жабырқау адамдардың көңілін бір серпілтті.

Ал кешке арнайы балға қатысып, ханзада мен ханшайымның кейпіне енді. Бұл ретте әнші Ерке Есмахан Димашпен би билеген видеосын жариялап, желіні шулатты.

“Әдемі кеш, әдемi бал өтіп жатыр! Қасымда Димаши, или мен оның қасында. Не де болса, сүйікті ұлдарыңыздан жалынды сәлем! Қайырымдылық ниетіңе Алла разы болсын! Ұйымдастырушы Алпамыс досым! Аман бол”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

“Күшті”, “Димашпен билеген қандай бақыттысыз”, “Қолдарыңда таяқ болса, үнді киносынан үзінді десе де болады, керемет”, “Биіңіз өзіңізге жарасады”, – деп тамсанды желідегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде