jasqazaq.kz

Димаш жүргізушіге шапан сыйлады

01 қараша 2019, 10:21

«Вечерний Ургант» ресейлік бағдарламасында қонақта болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кеш жүргізушісі, белгілі шоу-мен Иван Ургантқа шапан сыйлады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бағдарлама Ресейдің «Бірінші арнасының» эфиріне Нұр-Сұлтан уақытымен бүгін, түнгі сағат 01.25-да шықты. Д.Құдайбергеннен бөлек, кеш қонақтары РФ халық әртісі, композитор Игорь Крутой мен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова болды. Құдайберген мен Сотникова композитордың 65 жылдық мерейтойына арналған үлкен концерттердің қатысушылары.

Көрермендер студияда Димашты ду қол шапалақпен қарсы алып, оның есімін біраз уақыт дауыстап айтып, қызу қолдау білдірді. Осы уақытта жүргізуші Игорь Крутойдан: «Игорь Яковлевич, мерейтой сіздікі. Бірақ барлығы «Димаш!» деп айғайлап жатыр. Оны бүгін өзіңізбен бағдарламаға шақырғаныңызға өкінбейсіз бе?», — деп сұрақ қойды. Бұған композитор: «Әрине, жоқ! Димаш шынымен де мықты емес пе!», — деген жауап қайырды. Кейін жүргізуші Димаштан әлемге әйгілі қытайлық актер, режиссер Джеки Чанмен қалай танысқанын, кездескенін сұрап, көрермендерге екеуі түскен фотоны көрсетті. «Джеки Чан қаншалықты әгілі болғанымен, өте қарапайым адам. Онымен хабарласып, ара-тұра кездесіп тұрамыз», — деді Димаш. Кеш барысында жас әнші Иван Ургантқа қазақтың шапанын сыйлап, иығына жапты. Жалпы, бағдарлама әдеттегідей, үлкен позитивте, қалжыңға толы өтті. Дегенмен, телекөрермендер Димаштың бағдарлама соңында ән айтпағанына өкініш білдірді. Қонақтарға әнді ресейлік поп-әнші Мари Краймбрери сыйлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде