
Менің болашақ жарым міндетті түрде ата-әжесі мен ата-анамның қасында жүреді. Сол кісілердің қасында тұрады, деген екен әнші Димаш Құдайберген.
Димаш егер үйленіп жатса, «әйеліммен бірге ата-анамнан бөлек тұрмаймын» дейді.
– Бөлек тұру деген… Қызғанамын мен, үйдегі үлкен кісілерді. Мен өз қазынамнан айырылғым келмейді. Сол себепті ініммен бірге, бауырларыммен, ата-анаммен бірге бір үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек қой деп армандаймын, – деп сырын айтыпты ол.