
Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейде өтіп жатқан «Жас толқын» байқауына шақырту алды. Алайда қатысушы ретінде емес, құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Отандасымыз аталған байқаудың ашылу салтанатында А-studio тобының «Грешная любовь» атты хит әнін орындады.
«Жас толқын» байқауының қонағы болып, Ресейге табан тіредік. Байқау басталды. Енді байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетемін. Барша көрерменге үлкен рахмет. Сочиге келгелі әуежайда тамаша концерт қойып, дәм-тұзбен күтіп алған көрермендерімнен айналдым. Құрметтеріңізге үлкен алғыс», — деді әнші.
Ресейлік танымал әнші Филипп Киркоров та Димаш Құдайбергеннің талантын ерекше бағалаған-ды. Бұл туралы Арман Давлетьяров жазды.
«Бүгін «Жас толқын» байқауында әйтеуір дегенде Димаш Құдайбергенмен таныстым. Бұл жігіт өте талантты және Қазақстан мен Қытайда ерекше танымалдылыққа ие! Бүгін «А-studio»әнімен ресейлік тыңдармандарды таң-тамаша еткен жайы бар. Тіпті, эстрада королі Киркоровтың өзі Димаштың табыстылығын лайық деңгейде бағалады», — деді ол.