jasqazaq.kz

Димаш өзін тағы бір жаңа қырынан көрсетті(видео)

10 тамыз 2020, 10:59

Димаш Құдайберген «Қайран елім» атты жаңа музыкалық бейнероликті ұсынды.Бұл туралы  Димаштың ресми арнасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Жаңа туындыда Димаш өзін тағы бір жаңа қырынан — режиссер ретінде танытты.

Эмоцияға толы, жаныңды қоярға жер тапқызбай, көкіректі қарс айыратын музыкалық композиция коронавирус індеті жайлаған қиын кезеңдегі Қазақстанның басына түскен сынаққа арналған.

  • «Қайран елі – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үмітіміздің барын ұғындыру. Барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргіміз келеді. Дәл қазіргі таңда ең бастысы – мықты болуымыз керек», – дейді Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген.

«Клип Алматы облысының табиғаты көркем жерінде түсірілді. Жобаға Димаш пен кинооператор Азамат Дулатов режиссерлік етті. Видео түсіру жұмыстары оңай, еш кедергісіз өтті. Түсіру тобының шабыттанғаны сол, ұйқысыз, демалыссыз жұмыс істеп, аз уақытта аяқтады» делінген сайтта.

  • «Бұл туындыны алғаш естігенімде оның терең мазмұны мен ойы көңіліме қонды. Әрине, түсіру жұмыстарына қуана кірістім. Барлығы ойдағыдай өтті. Түсіру жұмысына қатысқан әрбір жан керемет әсер алды. Осы жобаға үлесін қосқан әрбір жанға алғысым шексіз. Композицияны ішкі түйсігімен қойған монтаж режиссері Тимур Дулатов әдемі туынды жасап шығарды. Ал түс коррекциясымен талантты шебер Ерлан Танаев айналысты. Оған ерекше мән бердік, өйткені, түс арқылы әр көрерменнің, тыңдарманның жүрегіне жол тапқымыз келді. Біздің тыңдарманға қатты ұнайды деп сенеміз», – дейді Азамат Дулатов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия