jasqazaq.kz

Димаш орындаған кезекті саундтректің бейнебаяны шықты (видео)

11 шiлде 2017, 11:06

Қытайдың Tencent видео-порталында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Moonlight Blade» атты онлайн-ойынына жазған саундтрегінің бейнебаяны жарық көрді.

«Уақыт-теңіз» (时光•沧海) әнінің аранжировкасын «Жауыздық мекені» («Обитель зла»), «Титаник» және «Жұлдыздар шайқасы» («Звездные войны») голливуд фильмдерінің саундтрегін жазған музыканттар жасаған. Айта кетейік, «Moonlight Blade» — қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн интернет-ойыны. Ойын мазмұны қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі негізінде құралған. Онлайн-ойын 11 шілде күні түнгі сағат 12-де іске қосылды. Еске сала кетейік, Димаш Қытайдағы «Singer 2017» байқауына қатысып, әлемдік танымалдылыққа ие болғаннан кейін, қытайлық «Battle of Memories» және голливудтық «Power Rangers» фильмдерінің саундтрегін орындаған болатын.

ҚазАқпарат

26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі