jasqazaq.kz

Димаш Нью-Йоркте концерт береді

05 қыркүйек 2019, 11:43

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі «Барклайс-центр» стадионында жеке концертін береді.

«10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласындағы «Барклайс-центр» стадионында жеке концерт беретінімді қуанышпен хабарлаймын. Билеттер қашан сатылымға шығатынын тағы хабарлайтын боламын. Менің Instagram желісіндегі парақшамды қарап жүріңіздер», — деп жазды Димаш. Айта кетейік, 29 қарашада әртіс Санкт-Петербургте концерт береді деп жоспарланған.

«Барклайс-центр» (Barclays Center) — Бруклинде орналасқан спорт аренасы. «Бруклин Нетс» баскетбол командасының үй алаңы және «Нью-Йорк Айлендерс» хоккей алаңы. Нью-Йоркте түрлі іс-шаралар өткізу бойынша «Мэдисон-сквер-гарденнің» негізгі бәсекелесі саналады. Осы аренада әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары үнемі өнер көрсетеді. Олардың арасында Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Coldplay, Ариана Гранде, the Black Keys, Крис Браун, Backstreet Boys, Iron Maiden, Рианна, The Weeknd, Kendrick Lamar және басқалар бар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда