
DimashAli шығармышылық орталығы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Golden әніне бейнебаянын таныстырды.
Бұған дейін Golden композициясы тыңдармандар үшін әншінің шығармашылық жолындағы ерекше, жаңа форматта ұсынылатыны хабарланған.
Бейнебаян сюжеті бойынша Димаш Құдайберген сүйіктісімен қаруланған ер адамдардан қашады. Қыз жарақат алады, Димаш оны дәрігерге алып бара жатады.
Кейін Димаш адамдарға таратып беру үшін біреуден ақша ұрлап қашқаны белгілі болады.
Ер адам оған жауап ретінде Димаштың қызын ұрлайды. Ол қызын құтқару үшін жалғыз барады. Сол сәтте ондаған адам оған көмекке келеді.
Tengrinews.kz