jasqazaq.kz

Димаш Құдайбергенді сынаған Бағым Мұхитденова: Пікірім әлі өзгерген жоқ

01 желтоқсан 2017, 12:08

Продюсер, вокалшы Бағым Мұхитденова «Гәкку» арнасындағы «Если честно…» бағдарламасында Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Қытайға барып, әйгілі болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы пікірі әлі де өзгермегенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетсек, 2013 жылы «Саз әлемі» бағдарламасында Мұхитденова әншіні «Қалыңдықты запорожецке отырғызғандай неге мұндай әнде жоғары кетіп қалдыңыз? Мұндайды жасаудың тіпті де қажеті жоқ. Мысалы орындаушы Витас орнымен орындады, бұл жарасымды, ал мына сіздің бұл әнде вокал мүмкіншіліктеріңізді көрсетудің тіпті де қажеті жоқ. Бізге өтініш түсіргендеріңізде біз, әрине, сіздердің кім екендеріңізді білеміз. Бізге дәлелдеудің қажеті жоқ. Маған ән ұнамады. Талғамсыздау болғандай», — деп сынаған еді.

Ендігі сұхбатында продюсер арада төрт жыл өтсе де бұл пікірінен таймағанын айтып отыр. «Мен өз сөзімнен бүгін де бас тартпаймын. Себебі мен кәсіби маманмын. Мысалы мен «Отыздан асып барамын» деген сияқты әндерді түсінбеймін. Ал осы әннің форматына классикалық дыбыстарды қосасыз. Осы бір микстің қандай болатынын түсініп отырсыз ба? Бұл диссонанс», — дейді ол. Айтуынша, Димаш сөзсіз әлемдік вокал мүмкіншілігі бар орындаушы. «Сөзсіз. Мен бұл жайлы сол бағдарламада да айтқанмын. Димаш, мен сенің қалай ән салатыныңды білемін дегенмін. Бірақ осы мүмкіншіліктерді осындай композицияға қосудың қажеті не еді? Той әндеріне классикалық дыбыстарды қосу мен үшін мүлдем түсініксіз жағдай. Орынсыз ғой. Ал негізі мен Димашты қатты жақсы көремін, құрметтеймін, ол мені құрметтейді. Қарым-қатынасымыз тамаша. Бұл жалпы кәсіби білімі жоқ мамандардың жоқтан бар жасап отырған әңгімесі», — деп қорытты ойын продюсер.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды