jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген: Үйден шықпаңыз, бұл әзіл емес

01 сәуiр 2020, 10:16

#үйдеотыр

Танымал әнші Димаш Құдайберген барлық жанкүйерлерін коронавирус індеті кезінде үйден шықпауға шақырды. 

Әнші бейнеүндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. «Мен сіздерді қатты сағынып, видео жазуды шештім. Өтінемін, үйден шықпаңыздар. Бұл әзіл емес, өте күрделі жайт, үйден шықпаңыз. Бұл вирусты жеңетінімізге сенемін, себебі бәрі де өткінші. Мен оған сенемін, мен сіздерге сенемін, өздеріңізді қорғап жүріңіздер. Біз үйде отыруға тиіспіз», — деді әнші. Димаш бұл видеоны үйде, Қазақстан елордасында жазып отырғанын, үйде інілерімен Play station ойнап отырғанын айтты. Алдымен ағылшынша сөйлеген Димаш сөз соңын қазақ тілінде қорытындылады. «Сіздерге ең алдымен денсаулық тілеймін. Күллі әлемді билеген ауыр індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан барлық сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар! Алла бәрімізге сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл да бір өтпелі дәурен. Біз бұл дертті жеңіп шығамыз», — деді Димаш.

ҚазАқапарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде