jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген: Мен үшін әлемдегі ең дара адам — «анам»

13 мамыр 2018, 14:46

Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытып жүрген танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз өмірінде үлкен рөл ойнайтын әйел туралы әңгімелеп берді.

Кейбір елдерде бүгін, 13 мамыр, Ана күні атап өтіледі. Жанкүйерлерін осы мерекемен құттықаған Димаш Құдайберген «анам» деп атайтын әйелдің тарихымен бөлісті.
Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті.

«Анамды қатты сағынып жүрмін. Ақтөбеде күн жылы сияқты, ал анам өз – бақшасында. “Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда” деп халық қалып айтпаған деп білемін. Бала кезде достарыммен бірге ойнап келуге сұрану үшін аулада өсіп тұрған көкөністер мен жемістерге су құйып, ресми тұрғыда үйдегі бастық әкеміден, сонан соң анамызға көрсетіп барып кететінбіз. Анам үйдің қасында достарыммен футбол ойнап жүрген мені “сабағыңа дайындал” деп шақыратын. Халық даналығы – “Ананың алақаны балаға айдынды қоныс”. Кезінде мамамыз сабақ беріп, қызмет жасаған кезде өңірдегі танымал, ізденімпаз мұғалімдердің бірі болған. ” Оқытушы-әдіскер ” деген бірнеше белгілері де бар. Мансабы өрлеп тұрған шағында мен дүниеге келдім. Сол кезде Ағатайым мен Света апамның, менің болашағым үшін отбасымызбен Ембі елді мекенінен Ақтөбе қаласына көшіп, 47 жасында барлық жұмысын мені бағу үшн тастаған болатын. Бес жасымнан музыка мектебіне апарды. Анамның бізге сіңірген еңбектері туралы жазатын болсам, жазба емес кітап жазу керек болатын шығар. Мен үшін əлемдегі ең дана, ең сұлу, ең дара адам – ол менің анам. Мерекеңізбен, жаным ана»,- деп жазды Димаш Құдайберген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде