jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген: «Мен қазақ екендігімді мақтан тұтамын» (видео)

03 сәуiр 2019, 15:02

Димаш Құдайберген Кремльдегі концерті кезінде ел алдында сөз сөйлеп, барша тыңдармандарының жүрегін елжіретті. Әнші өзі үшін аса ерекше сәттің видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады NUR.KZ.

22 және 23 наурыз күндері Мәскеудің төрінде жеке концертін берген Димаш Құдайберген табынушыларының алдында сөз сөйлеп, көпшілікті тәнті еткен. Отандық әншінің Кремльдегі өнер көрсетуін тамашалау үшін әлемнің 50 елінен жанкүйерлері келген.

Концерттің сәтті әрі жоғары деңгейде өткенін әлеуметтік желілердегі толассыз жазбалардан аңғаруға болады. Әншінің жанкүйерлері әлі де сол керемет кештің әсерінен шыға алмай жатса керек.

Кремльдегі концерт жайлы Димаштың өзі де Instagram парақшасында видео жариялаған. Жантебірентерлік жазбада әнші қазақ және орыс халықтарына деген ыстық сезімі мен алғысын білдіріп жатқан.

«Тұғыры биік ұлы қазақ халқы. Мен қазақ екендігімді мақтан тұтамын. Біздің бауырлас орыс халқына да айтар алғысым шексіз» , — деді Димаш.

Әншінің бұл сөзінен кейін концерт өткен залдағы жанкүйерлердің барлығы қол шапалақтап, оған жылы лебізін білдірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда