jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген Қазақстанның туризм елшісі атанды

01 маусым 2018, 18:02

Димаш Құдайберген туризм елшісі ретінде Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетуді белсенді түрде жалғастырады.

Әнші Димаш Құдайбергенге «Қазақстан Республикасының туризм жөніндегі елшісі» мәртебесі берілді, деп хабарлады Елорда инфо «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім Ақтөбе қаласында әншінің «Димаштың Отаны» атты турына қатысушы 10 мемлекеттен келген жанкүйер топтардың жетекшілерімен кездесу кезінде өтті.

Димаш Құдайбергенге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан «Қазақстан Республикасының туризм жөніндегі елшісі» мәртебесін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев табыстады.

«Бір жарым ай бұрын футболшы Месси әлем туризмінің елшісі атанды. Бізде Димашқа қазақстандық туризм елшісінің сертификатын ұсынып отырмыз. Ол өз елінің патриоты», — деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Димаш нағыз патриот бола тұра, өз концерттерінде және БАҚ көздерінде әрқашан фанаттарын Қазақстанға шақырып жүреді. Турдың идеясы да осыдан шыққан. Ал маршрут құрамына Димаш шетелде үнемі айтып жүретін туған қаласы Ақтөбе, елордамыз Астана және ең үлкен қаламыз Алматы кірді.

«Димаш Құдайберген туризм елшісі ретінде Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетуді және әлемнің түпкір-түпкірінен өз тыңдармандарын елімізді көруге шақыруды белсенді түрде жалғастырады деп күтілуде», — деп жазылған хабарламада.

Жалпы тур әншінің балалығы мен шығармашылығымен байланысты жерлерге баруды, мысалға Ақтөбедегі мектебін көруді, сондай-ақ әртістің жақындары мен туыстарымен түрлі кездесулерді, Димаштың ұстазы, әрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімовтың мастер-класы және тағы басқаны қамтиды.

Бүкіл әлемнен келген Димаштың табынушыларына арнап осындай турларды отандық туроператорлар тұрақты түрде өткізетін болады. Ал осы турлардан түскен қаржының бір бөлігі келешекте Димаш брендін әлемдік деңгейде одан әрі нығайтуға және өрлетуге бағытталады.

caravan.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді