
Бүгін әйгілі қазақстандық әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайбергеннің туған күні. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері құттықтап жатыр. Ал әнші ең алдымен өз ата-анасын құттықтады. «Сонымен мен 26 жасқа келдім. Ата-анамды туған күніммен құттықтаймын», деп жазды Димаш өзінің Инстаграм парақшасында.