jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген болашақ жарына қатысты талаптарымен бөлісті (видео)

02 шiлде 2019, 17:33

Ол болашақ жарын ата-анасының, ата-әжесінің жанында тұратынын және ешқашан гастрольдік сапарларға бірге алып жүрмейтінін айтты.
Димаш Құдайберген «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Парасат майданы» бағдарламасында Дана Нұржігітке эксклюзивті сұхбат берді. Ол болашақ жарын ата-анасының, ата-әжесінің жанында тұратынын және ешқашан гастрольдік сапарларға бірге алып жүрмейтінін айтты.
Ерекше дауыс иесі, алты Алашты аузына қаратқан әнші өзінің армандарымен қоса, болашақ жарына қатысты талаптарымен де бөлісті.
«Мен қай елде жүрмейін, менің болашақтағы жарым міндетті түрде ата-әжесінің, ата-анамның қасында жүреді. Сол кісілердің қасында тұрады. Бөлек тұру… қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Ата-әжемді де, ата-анамды да қызғанамын, бермеймін. Мансұр өссін.
Менің арманым барлық бауырларымыз, ағайындарымыз, ата-әжелеріміз, үйдің үлкендері. Үлкені бар үй – қазыналы үй деп айтады ғой. Мен өз қазынамнан айрылғым келмейді. Бірақ ініме де тілекшімін. Оған да бергім келеді. Сол себепті, ініммен бірге, бауырларыммен бірге бір үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек қой деп армандаймын», – деді Димаш.

sn.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда