jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атағын жеңіп алды

01 қазан 2021, 13:45

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген King Choice онлайн дауыс беру рейтингінде бірінші орынға ие болды. Әнші 9,3 миллион дауыспен қазақстандық Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды, деп жазады King Choice сайты.

19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димашты қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосқан болатын. Дауыс беру 30 қыркүйекте аяқталды.

Аталған байқауда екінші орынды оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) иеленді. Ол 8 миллионнан астам дауыс жинады.

Үшінші орын 1,9 миллион дауыс жинаған Чха Ын У (Cha Eunwoo) — оңтүстіккореялық әнші, актер және модельге бұйырды.

Қазақстандық әнші бұған дейін Қытайда «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясын, «Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы» номинациясын, Қытай мен Қазақстан «Достық елшісі» наградасын иеленген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия