jasqazaq.kz

«Дикий» Арманның қайда екені белгілі болды

02 ақпан 2022, 17:17

Бүгін 2 қаңтар күні еліміздегі қақтығыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің түрме қабырғасынан жоғалып кеткені белгілі болған. Күдіктінің тұрған жерін оның адвокаттары анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Қорғаушылардың айтуынша, ақпанның 1-інен 2-не қараған күні олар Арман Жұмагелдиевтің тергеу изоляторынан жоғалып кеткені туралы ақпарат алады.

«Бізде оның Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында (Масанчи көшесінде орналасқан) екені туралы ақпарат болғанымен, бүгін таңертең ол жерде болмай шықты. Содан соң біз Алматы қалалық ҰҚК-не барып, уақытша ұстау изоляторының өкілін алдымызға шығуын талап еткенімен, олар бүгін санитарлық күн екенін айтты. Ешқандай ақпарат айтқан жоқ. Одан кейін Алматы қаласының Орталық тергеу изоляторына (Красногорская көшесінде) бардық, онда бармас бұрын сағат 10.00-ге алдын ала жазылдық. Бізге растады, арнайы бөлімшенің қызметкерлері базаны қарап шығып, ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиевті прокурордың санкциясымен Алматы қаласы бойынша ҰҚК-нің изоляторына алып кеткенін айтты», – дейді заңгер Талғат Есімов.

Оның айтуынша, оларға Арман Жұмагелдиевті не үшін алып кеткенін түсіндірмеген.

«Бұған дейін біз келесі аптада өзі отырған тергеу изоляторында тергеу әрекеттерін бастаймыз деп келіскен едік. Оның үстіне біз оны басқа оқшаулау камераларына ауыстыру жоспарда бар ма екенні сұрағанымызда жоқ деп жауап берген. Біз себебін білмейміз, бірақ бізді адастырғысы келген секілді. Арман Жұмагелдиев ешкімнен жасырынып жүрген жоқ», – деді қорғаушы.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр