jasqazaq.kz

«Дикий Арман» 24 адамды Ritz Carlton мен Қазақстан қонақүйлерінің паркингтерінде ұстаған 

20 маусым 2022, 16:24

«Дикий Арман» 24 адамды «Ritz Carlton» мен «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығы Cерік Шалабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ол қылмыстық ортадағы тұлғалардың қаңтар оқиғасына белсене қатысқаны белгілі екендігін айтты.

«Қылмыстық ортада кеңінен танымал «Дикий Арман» лақап атты Жұмакелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың бірімен Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйіне келген қылмыскерлерге «Glock» және «Макаров» маркалы тапаншалар таратылды. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды. Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстарындағы рөлдерін анықтады. Іштерінен «басшылары» тағайындалып, оларға бронежилеттер, бастарына арналған қорғаныс құралдары, атыс қаруы және 200 мың теңге ақша берілді», — деді ол.

1-қызмет бастығының атап өтуінше, оның қатардағы серіктестеріне суық қаруларымен, дубинка және денеге зиян келтіруге болатын басқа заттармен қарулану тапсырылған. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушылардың сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан.

«Аталған қарулы қылмыскерлер топтары қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақүйлерінің паркингтерінде ұстаған. Кейіннен, жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзеті қойыла отырып, металл контейнерге орналастырылды. Дене жарақатын келтіру нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды. Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті тұлға қамауға алынды. Қалған қылмыстық топ қатысушыларын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда», — деді Серік Шалабаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр