jasqazaq.kz

Digi Locker-ге кіріп, кез келген жеке құжатты көрсетуге болады

18 ақпан 2019, 15:33

«Ұлттық ақпараттық теxнологиялар» АҚ жеке құжаттардың электронды қоймасын іске қосуды жоспарлап отыр.

ҚазАқпарат хабарлағандай, компанияның басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, ағымдағы жылы бірнеше жобаны іске асыру жоспарланған. Соның ішінде «Digi Locker» қызметі де бар. «Аталған жобаның маңыздылығы неде? Қазіргі кезде біз сан алуан мәліметтерді Gmail-да, яғни шетелде сақтаймыз. Ал Digi Locker өзіміздің электронды қоймамыз іспетті. Онда жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және тағы басқа ресми құжаттарды сақтауға болады. Мысалы, ол құжаттарды үйде қалдырып кетсеңіз, смартфон арқылы Digi Locker-ге кіріп, кез келген жеке құжатты көрсетуге болады. Онда «egov-пен расталған» деген жазу да болады. Бүгінде біз кез келген адамның ұялы телефонында жеке куәліктің фото-көшірмесі жүреді. Digi Locker болса, ол құжаттардың заңды түрде алынғанын растай алады. Біз аталған жобаны бизнес қауымдастыққа таныстырдық. Біреулер іске асырамыз десе, біз дайынбыз», — деді Ә.Тұрысов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде egov порталын пайдаланатын азаматтардың саны 8,6 миллионнан асты. Өткен жылы портал арқылы аударылған транзакциялардың жалпы сомасы 18,5 миллиард теңгеден артық болды. Бүгінде мемлекеттік қызметтерді порталдың негізінде ғана емес, Телеграмм-бот арқылы да алуға болады. Бұдан бөлек, виртуалды кеңес беру бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі кезде чат-бот 1414.kz форумында, egov.kz порталында, Telegram және Facebook мессенджерлерінде тестілік режимде іске қосылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда