jasqazaq.kz

Diamond Princess лайнерінің екі жолаушысы коронавирустан көз жұмды

20 ақпан 2020, 11:16

Diamond Princess круиздік лайнерінің екі жолаушысы короновирус жұқтырып, көз жұмды.Бұл туралы bbc.com сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл туралы жапониялық Эн-эйч-кей телеарнасы мемлекетік ақпарат көздерінің біріне сілтеме жасап хабарлады, алайда дереккөздің аты аталмайды.

Телеарнаның хабарлағанындай, вирустың салдарынан мерт болғандар әйел мен ер адам. Екеуінің де жасы 80-нен асқан. Japan News твиттер аккаунтының мәліметтерінше (Жапониядағы беделді «Йомури» басылымымен байланысты), мерт болғандар Жапония азаматтары.

Эн-эйч-кей мәліметі бойынша, олардан 11 және 12 ақпан күндері вирус анықталып, жолаушылар кемеден түсіріліп, емханаға жатқызылды. Вирус жұқтырғанға дейін екеуінің де басқа аурулары болған.

Кеме жапондық Йокогама портында екі апта карантинде тұрды. Жақында ғана билік өкілдері коронавирус анықталмаған және оның белгілері жоқ 500 жолаушының жағаға шығуына рұқсат берді.

Індет жұқтырған адамдар әлі тіркеліп жатыр, кемедегі науқастардың саны 621-ге жетті. Бұл Қытай шекарасынан тыс аумақта Covid-19 вирусын жұқтырғандардың ең үлкен шоғыры.

Карантин кезінде инфекция жолаушылар арасында тез тарап кетті. Бірнеше мемлекет карантин біткенше азаматтарын эвакуциялады. Әзірге кемеден қарт адамдар шығарылды.

Карантин басталған уақытта лайнерде 3700 жолаушы мен экипаж мүшесі болды.

Қытай билігі бейсенбі күні вирус жұқтырғандар мен қаза тапқандар санына қатысты жаңа дерек ұсынды: қайтыс болғандар саны — 2112, бір күн бұрынғы мәліметтен 108-ге көп.

Жалпы індет жұқтырғандар 74 мыңнан асты, өткен тәулікте 628 жаңа оқиға тіркелді

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия