jasqazaq.kz

Депутаттың әрекетін сынап тастады

01 желтоқсан 2018, 23:56

Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасова сән көрсетілімінде жалаңаш төсін көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астаналық депутат әрі модель Данагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысты. Оның сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кетті.

Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Сәнгердің ойластыруы бойынша, модель көйлектің ішінен ішкиім кимеуі тиіс.

Осылайша, тәнін ашық көрсеткен Данагүл Тасова жұрттың қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының дені оның тым ашық көйлегін сынап, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Масқара, ұят. Не болып бара жатырмыз? Депутат осылай жасаса, қарапайым халық не істемейді?», «Қайран қазақ қыздары-ай! Ұят қайда?», «Мен ғана сәнді түсінбеймін бе? Әлде тәнін осылай көрсету дұрыс емес деп ойлайтын басқа да адамдар бар ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де пікір қалдырушылардың ішінде депутатты жақтап, кеудесін көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ екенін айтқандар да табылды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді