jasqazaq.kz

Депутаттар тіл білмеген дипломаттарға қатаң шара қолдануды ұсынды

11 ақпан 2021, 11:14

Дипломат болуға үміткерлердің барлығы мемлекеттік тілді ғана емес, шет тілдерін де білуі керек болады. Бұл бүгінгі Сенаттың жалпы отырысындағы депутаттардың талабы.

Егер құқық бұзушылықтар орын алса лауазымдары төмендетіледі немесе қызметтерінен босатылады.

Бүгін отырыста «ҚР дипломатиялық қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң жобасының ерекше маңызын атап өтті.

«Құжат еліміздің дипломатиялық қызметінің құқықтық базасын жетілдіреді және реттейді. Жоба сондай-ақ дипломатиялық сала ардагерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған нормаларды да қамтиды. Қабылданған заң еліміздің дипломатиялық қызметінің тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады деп үміттенеміз, — деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар заң жобасынан «дипломатиялық поштаны» дипломатиялық қызметкерлермен олардың отбасы мүшелерінің жеке мүддесі үшін қолдану туралы бапты алу тастау айтылды.

1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес, дипломатиялық поштада дипломатиялық құжаттар мен ресми пайдалануға арналған заттар болуы қажет. Аталған конвенцияны Қазақстан Республикасы 1993 жылы ратификацияланған және негізгі заңымыз мұндай халықаралық шарттардың ұлттық заңнамадан басымдығын таниды.

«Дипломатиялық поштаға арналған ұқсас талап еліміздің Кедендік кодексінде бар. Осыған байланысты, бұл норманы заң жобасынан алып тастау ұсынылады»,- деді сенатор Қайрат Қожамжаров.

Одан бөлек, заң жобасында Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің құқықтық мәртебесін заң деңгейінде бекіту көзделген.Бүгінде Алматыда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 100-ге тарта өкілдігі жұмыс істейді.

Депутаттар заң жобасын қарау барысында оған бірқатар түзету енгізуді ұсынды. Сенаторлар, атап айтқанда, «дипломатиялық қызмет ардагері» ұғымын түзетуді және осы санатқа жататын адамдар тобын қайта қарау керектігін айтты. Сөйтіп, Мәжіліске қайтарып жіберді.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия