jasqazaq.kz

Депутаттар мектептерге қазақтың салт-дәстүрлері туралы дәріс енгізуді ұсынды

21 желтоқсан 2021, 12:53

Мәжіліс депутаттары бастауыш сыныптарда қазақтың салт-дәстүрі туралы қосымша сабақтар енгізуді ұсынды.

ҚазАқпараттың мәліметінше, бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғани Ташқараев ұстаздар және жастармен кездесуінде айтқан.

«Парламент Мәжілісінің депутаттары арасында бастауыш сынып оқушыларына «Қазақтың салт-дәстүрі» атты қосымша сабақ енгізу мәселесі талқыланды. Өйткені, қазақ елінде дүниеге келген әр бала өз салт-дәстүрі мен тарихын ерте жастан білуі тиіс», — деді Ғани Ташқараев.

Кездесуде этносаралық қарым-қатынас, педагогтардың жалақысын көтеру секілді мәселелер де қозғалған.

«Әр қазақстандық жастың салт-дәстүрді берік ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасалуы керек. Сол себептен, бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылатын болады», — деп сендірді мәжіліс депутаты.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр