jasqazaq.kz

Депутаттар көп балалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру мәселесін көтерді

24 қараша 2021, 13:07

Қазақстан халық партиясының депутаты Ерлан Смайылов үкіметке жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін көтеру туралы талап қойды, деп хабарлайды Stan.kz.

Депутат Ерлан Смайылов келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге, яғни, 41 процентке өсетінін айтты.

«Азық-түлік өнімі, коммуналдық қызмет тарифі бағасының тұрақты өсуі мен жалпы өмір сүру құнының қымбаттауы жағдайында мүгедектігі бар адамдарға, бала тууына байланысты демалыста отырған аналарға, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге және халықтың басқа да тобынан шыққан миллиондаған қазақстандықтарға мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы көлемінің артуы аса маңызды мәселе. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге немесе 41%-ға өседі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйінде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ», — деді Смайлов Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, халықты қорғап, үкімет пен ұлттық экономика және қаржы министрліктері алдында мәселені көтерудің орнына министрлік бюджет қаражатының тапшылығына сілтейді. Бұл ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың мүддесіне сай келмейтін ұстанымда отырғаны алаңдатады.

«Салалық министрлік халықты қорғау жолындағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін әлдеқашан жоғалтқан республикалық ұйымға айналды. Оның атауын «бюджетті халықтан қорғау министрлігі» деп өзгерту қажет», — деді депутат.

Ал есеп комитеті жыл сайын жүздеген миллиард бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанын анықтап жатады.

Мысалы, 2020 жылы мұндай қаржының көлемі 570 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау кезінде миллиардтаған, тіпті триллиондаған қаражат талан-таражға салынады.

Фракция депутаттары әлеуметтік төлемге басымдық беруден адам капиталына инвестиция салу тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өтті.

Осыған байланысты халық партиясы фракциясының депутаттары үкіметке 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға, бала күтімі бойынша берілетін төлемақы мен көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшерін, сондай-ақ ең төменгі зейнетақыны арттыруды ұсынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде