jasqazaq.kz

Депутаттар кімге 1 миллион теңгеден берілетінін анықтады

23 тамыз 2019, 12:54

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясында бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Оның ішінде тұрғын үй сертификаты берілетін азаматтардың санатын анықталды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожинаның айтуынша, бұрын тұрғын үй сертификаттары заңда болмаған. Соңғы өзгерістер аясында осы куәліктердің анықтамасы енгізілді. Осыған байланысты тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оны алушылардың санаттарын айқындау қажет.

«Енді 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаттарын азаматтардың мына санаттарына беру ұсыналады: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін білім беру ұйымдарындағы педагогтарға, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы қызметкерлерге, мәдениет және спорт ұйымдарының бейіндік қызметкерлеріне, ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне», — деді Нұрғожина.

Бұдан бөлек, бүгінгі сессияда халықтың әлеуметтік осал топтары — мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана», сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын беру ұсынылды. Мәслихат депутаттары тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізімін анықтау мәселесін қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Дереккөз: Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда