jasqazaq.kz

Депутат: Президенттің шешімдері елдегі қауіпсіздікті сақтап қалды

17 ақпан 2022, 15:40

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов қаңтар оқиғасындағы діни радикалдар мен экстремистік ағымдардың әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Қоғамды алаңдатып отырған, шешімін таппай келе жатқан мәселелердің қатарында соңғы жылдары БАҚ беттерінде діни экстремизм мен терроризм тақырыбы жиі айтылып жүр. Мұндай жағдайға жол беруге болмайтынын сенатор Сұлтан Дүйсембинов ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты. Сенатордың айтуынша, бейбіт шерумен басталған қаңтар оқиғасын діни радикалдар, экстремистік ағымдар, қылмыстық топтар пайдаланып, ел тыныштығын бұзған үлкен қақтығысқа ұласқан.

«Осындай қысылтаяң шақта, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, уақтылы әрі батыл стратегиялық шешім қабылдауының арқасында еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігі сақталып қалды. Бұл ретте, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Олардың басты мақсаты: конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру, басқару институтын бүлдіру, билікті басып алу болғаны анықталды», — деп бағасын берген болатын.

«Дін атын жамылған жат ағымдардың мүшелері діни сауаты мен әлеуметтік тұрмысы төмен жастарымызды өз қармақтарына түсіру мақсатында, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі діні мен салт-дәстүріне күдік келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратумен айналысқаны белгілі болып отыр», — деді сенатор.

Сондай-ақ, ол діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі жүйелі шаралар кешенін іске асыру қажеттігіне назар аударды.

«Орталықтан басқару және үйлестіру арқылы тиісті әдістемелік, ақпараттық, қаржылық қолдау көрсете отырып, өңірлердегі ақпараттық насихат топтарының қызметін жетілдіру және күшейтуді жалғастыру қажет. Сондай-ақ, діни ахуалды терең зерделеп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама дайындау маңызды деп санаймыз», — деді Сұлтан Дүйсембинов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде