jasqazaq.kz

Депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды

22 сәуiр 2022, 11:36

ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Оны кеше, 21 сәуір күні ұстады. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы БАҚ өкілдеріне растады»,-деді ол.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені көрінген болатын.

7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді.

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап,күштеп ұстаған.

Криминалдық авторитет «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі екіайға ұзартылған болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр