jasqazaq.kz

Депутат «Kcell» операторы акцияларының сатылуына алаңдаушылық білдірді

28 наурыз 2018, 14:33

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асқар Базарбаев «Қазақтелеком» АҚ-ның «Kcell» ұялы операторының акциясын сатып алу өтінішіне пікір білдірді. Осы орайда ол бұл мәселеге байланысты ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің атына депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазіргі уақытта көптеген интернет сайттарда «Қазақтелеком» АҚ ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне «Kcell» ұялы операторының акциясын сатып алу шартын келісу туралы өтінішпен хабарласқаны жөнінде ақпараттар жарияланып жатыр. Бұл мәліметтер «Қазақтелеком» АҚ тарапы «Kcell» акцияларын сатып алғаннан кейін, пайдаланушылар келісімшартының ықтимал саны жалпы нарықтың 65 пайызынан асып, 17 миллионға жететінін көрсетеді. Мұндай ауқымды монополия және экономикалық шоғырлану қатардағы тұтынушылар үшін тарифтерді өсіруге алып келуі мүмкін. «Қазақтелеком» нарықта өз шарттарын ұсыну мүмкіндігіне толықтай ие болады», — деп тоқталды депутат. Сонымен қатар мамандардың пікірінше, «Қазақтелеком» АҚ-ға «Kcell» компаниясының 75 пайыз акциясын сатып алуға келісім беру — мемлекеттің монополияға қарсы реттеу бойынша саясатына қайшы келеді. «Жоғарыда айтылғандар негізінде «Қазақтелеком» мен «Kcell» арасында жасалатын келісімшарт бойынша қоғамда орын алған резонансты есепке ала отырып, құзыретті органнан бәсекелестікті шектеуге және тұрғындарға тарифті жоғарылату мүмкіндігіне жол бермеу үшін, сондай-ақ ел экономикасында мемлекет үлесінің артуына жол бермеуге қандай шаралар қарастырылғаны туралы ақпарат беруді сұраймын», — деді Асқар Базарбаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық