Депутат: Әділ шешім шығаруға әлі де уақыт бар

26 сәуiр 2017, 15:14

Бір миллион доллар пара алды деп ұсталған «Қорғас» халықаралық орталығының бұрынғы басшысы Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы осы аптада Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов мәлім етті. Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған тақырып әлеуметтік желіде қызу талқылануда.  «Ни бір миллион доллар пара алса да бостандыққа қалай шықты?», — деген сауал жұртты мазалауда. Бұл сауалдың жауабын алу мақсатында еліміздің Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне де хабарластық. Алайда баспасөз қызметіндегілер «Аталған іске қатысты жауапты шешім шығарған сот беру керек», — деп жауап берді. Jasqazaq.kz тілшісі бұл сауалды Мәжіліс депутаттарына да қойып көрді.

Нұртай СӘБИЛИЯНОВ, Мәжіліс депутаты:

Жалпы пара алумен ұсталған адамдар, дәлелі бар адамдарға міндетті түрде қылмыстық жауапкершілік болу керек. Ол біздің Қылмыстық кодексте қарастырылған. Сондықтан бұл жерде әділеттілік болу қажет. 1 млн доллар алғанды босатып жіберді, қалғандары істі болып жатыр дегендей пікір әлеуметтік желіде көп жазылып жатыр. Әрбір істе соттың шешімі әділ шығуы және сот, құқық қорғау органдары әділ болу керек. Егер дәлелі болса, оған тиісті құжат толтырылса, әділ шешім шығарылу керек. Ал бұл істің қаншалықты әділ екендігін құқық қорғау органдары қарайды деп ойлаймын. Мен ол іспен айналыспағандықтан, қандай дәрежеде, қандай құжаттары бар екендігін білмеймін.  Жалпы қоғамда «Қорғас ісіне» байланысты үлкен мәселе көтерілуде. Меніңше, құқық қорғау органдары, соның ішінде сот органдары бұған дұрыс, нақты, әділ шешімін шығаруы керек. Әлі де уақыт бар. Бұл соттың бірінші инстанциясы болса, келесі сот инстанциясында да қаралып, істің тиісті шешімі шығуы қажет.

 

 

Бақтияр МӘКЕН, Мәжіліс депутаты:

Бұл іске заңдық, құқықтық баға берілу керек. Оған баға беретін құзырлы органдарымыз бар. Жоғарғы Сот, Бас прокуратура бар мұны қарауы керек. Бізде қаншама тергеулер ұзақ уақытқа созылады, қарапайым азаматтар қылмысы үшін қаншама жылдарға жазасын өтеуге шешім шығады. Ал мына істе осындай шешімнің шығуын дұрыс деп есептемеймін. Қарапайым халық ретінде күмән тудырады. Жемқорлыққа қарсы қаншама күрес жүргізіледі. Кейбір істер 5-6 ай, жылдап қарастырылады. Бұл жерде екі ай ішінде шешімнің қабылдануын дұрыс дей алмаймын. Мен жеке өзім ғана емес, әріптестеріммен бірге бұл мәселені ойластырып, қарауымыз керек деп білемін. Депутат отырысына арнайы құзырлы органдардың қызметкерлері келгенде, не себепті осындай шешім шыққанын, қаншалықты әділ, әділ еместігін, қай жері дұрыс, қай жері бұрыс екендігін сұрауымыз керек.

Еске сала кетсек, Василий Ни 2016 жылдың жазында «Тюлпан Хоргос» ЖШС-нен қонақ үй салуға байланысты инвестициялық байқауда жеңімпаз деп тану үшін заңсыз түрде бір миллион АҚШ доллар сыйақы талап еткен.Іс материалдарында көрсетілгендей, Ни өз ойын жүзеге асыру үшін қол астындағы инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваны тартқан. Ол өз кезегінде пара алуға көмектеседі. Өткен жылы 5 қыркүйекте осы іске қатысы бар адамдар пара алу кезінде ұсталған еді. Василий Нимен қатар Махаббат Сайдуллаева да жауапкершіліктен босатылды.

Айбарша Жақсылық,

Астана қаласы

 

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды