jasqazaq.kz

Депутат: Бозымбаевтың ендігі ісі өз ар-ұятына байланысты

11 қазан 2017, 14:36

Депутат Павел Казанцев бензин тапшылығына байланысты премьер-министр қолданған кадрлық шараларына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кадрлық шараларды, әрине, қолдану керек, мен де премьер-министрдің ісін қолдаймын, өйткені жанармай бойынша мәселені шешудегі нәтижесі төмен жұмысқа ары қарай шыдау мүмкін емес. Бірақ бұл мәселені шешпейді. (…) Бозымбаев шамамен кеше өз ұстанымын көрсетті, ал енді ары қарай не істейтінін ары біледі. Дегенмен оның жылдам және шешімді әрекеттеріне қарау керек», — дейді депутат. Казанцев энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың жұмыстан босатылуына қатысты ештеңе айтпады. Оның сөзінше, жанармай тапшылығы үшін кім жауапты екенін премьер-министрге көбірек белгілі. «Бүгін оралда бензин литрі 200 теңгеге жетті, БАҚ жазып отыр, ал бұл мүлде күлкілі емес. Әзірше жағдай түсініксіз. Үкімет қысты қайтадан түсініксіз жағдайда қарсы алып отыр. Мұнай өндіру зауыттары жыл сайын жөнделіп, жыл сайын жанармай қоры жиналмайды. Жүйелі шаралар қажет», — дейді депутат.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде