jasqazaq.kz

Депутат: Біз болашақ ұрпақтың несібесін жеп жатырмыз

12 мамыр 2021, 14:27

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Сембинов Премьер-Министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдап, онда Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді.

Депутаттың айтуынша, биылғы бюджетті нақтылау кезінде, шығыстарды өтеудің негізгі көздерінің бірі – қайтадан, Ұлттық қордың 850 млрд теңге сомасындағы қаражаты болды.

Жалғасып жатқан «коронакризис» және 10,6 % мұнайсыз бюджеттің тапшылығы жағдайында, бұл шешімді мақұлдауға мәжүр болдық.

Сонымен қатар, Ұлттық қордан алынған қаражат, еліміздің болашақ ұрпақтарының несібесін жеп қоюмен пара-пар.

«Ақ жол» фракциясы бірнеше рет Норвегия мұнай қорының тәжірибесіне сүйенуге шақырған, яғни, ағымдағы бюджеттік қаржыландыруға инвестициялық табыстың белгілі бір бөлігі ғана бағытталуы мүмкін, ал негізгі жинаққа ешкім қол сұға алмайды.

Мысалы, алдыңғы дағдарыстан кейін Норвегия өзіннің Мұнай қорының бар-жоғы 1-ақ процентін жұмсаған.

zakon.kz хабарлағандай, Қазақстанның Ұлттық қорынан сол кезде 83 млрд доллар жұмсалған. Егер 2001-2015 жылдары Ұлттық қорға 147 млрд доллар түсім түскенін ескерсек, онда Қазақстан бүгінгі дағдарысқа дейін Ұлттық қордың жартысынан астамын жұмсап қойған.

«Ақ жол» фракциясы еліміздің болашақ ұрпақтарының игілігін ысырап етуді жөнсіз деп санайды. Әсіресе, бұл шығындар, аяқталмаған құрылыс обьектілерінің бағаларынан бастап, оқушыларға бөлінген ноутбуктерді ұрлауға дейінгі жемқорлықпен байланысты болса. Осы негізде «Ақ жол» фракциясының депутаттары Ұлттық қорды сақтау және оны жинақтау функциясын іске асыру мақсатында, айтылған кемшіліктерді ескере отырып, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану Тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынады, деді депутат.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия