jasqazaq.kz

Депутат: Бір сыныпта 50 оқушы отырған мектептер бар

01 тамыз 2019, 14:56

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында мәслихат депутаты әрі қалалық №17 мектеп-гимназиясының директоры Рамзия Өмірбаева елорда мектептеріндегі орын жетіспеушілік мәселесін көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қаладағы №75 және №59 мектептерде 3,5 мыңға дейін бала оқиды. Бұл мектептердің кейбір сыныптарында 50 балаға дейін отыр. Мәселені шұғыл шешу керек. Тағы бір мәселе неге қаладағы элиталы үйлер мектеп жанынан салынады, ал басқа мектептер айдалада адам тұрмайтын жерде тұрғызылады. Келесі мәселе, мектептер неге есеппен салынбайды? Мысалы, №28 қалалық мектептің жанынан 300 орындық қосымша ғимарат пайдалануға берілді, ал бұл мектепке негізінен 500 балаға арналған ғимарат керек», — деді Р. Өмірбаева мәслихат отырысында. Сондай-ақ, депутат бас қаладағы ескі мектептерді жаңалау мәселесі кезек күттірмейтін проблема екенін айтты. «Тиісті нормативке сәйкес астаналық мектептердің көбінде әр оқушыға 15,2 шашы метр жер бөлінеді. Ал қосалқы ғимараттар қажеттілікке байланысты емес, сол нысанның салыну құрылысы мен аумағына байланысты есептелініп тұрғызылады», — деп жауап берді Қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Алексей Миткин депутат сауалына. Одан бөлек, қалалық мәслихат отырысында алдағы жылдары жаңадан тағы 3 мектеп салынатыны туралы айтылды. Әкімдіктің дерегіне сәйкес, ол мектептер «Ханшатыр» ОСО-ның жанында, жаңа вокзал маңында және біреуі сол жағалаудағы «Нова-Сити» тұрғын үй құрылысының жанынан тұрғызылады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда