jasqazaq.kz

Депутат: Бір баланың күтіміне айына 20 мың теңге жеткілікті

13 ақпан 2019, 17:39

Бүгіннен бастап Парламент Мәжілісі депутаты қызметіне кіріскен Нұржан Әлтаев елдегі әлеуметтік жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мәжіліске екі рет сайлауға түстім. Бірінші жолы 2004 жылы ел бойынша ең жас кандидат болдым. Өкінішке қарай, ол кезде өте алмадым. Екінші рет 2016 жылы сайлауға қатысып, сол мерзімде «Нұр Отан» партиясы атынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне қосылдым. Яғни, 2016 жылдан бері мені кез келген уақытта Мәжіліс депутаты қатарына шақыруы мүмкіндігі болды, себебі резервтік тізімде тұрған едім», — деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып. Сонымен қатар ол депутаттардың қатарында қызмет ету үлкен мәртебе екенін атап өтті. «Мен үшін бұл өте жауапты жұмыс. Бүгін маған жүктелген міндеттерді барынша ақтауға тырысатынымды, өзімнің қызметімді орындайтынымды айтып, Қазақстан халқына ант бердім», -деді Н. Әлтаев. Ол бұған дейін Еңбек вице-министрі лауазымында өзінің алдына қойылған міндеттерді орындағанын сөз етті. «Вице-министр лауазымына кіріскен кезде менің алдыма қойылған барлық міндеттер орындалды. Бұл тұрғыда жұмыспен қамту, көші-қон саласына жауапты болдым», — деді ол. Тілшілер Н. Әлтаевтан айына әр балаға бөлінетін 20 мың теңге жәрдемақы қаншалықты жеткілікті болатынын сұрады. «Зайыбым күнделікті үй шаруасымен айналысады, балаларға қарайды. Мен өз кезегімде отбасылық табысқа жауаптымын. Жалға алған екі бөлмелі пәтерде тұрамыз. Менің ойымша, егер де үнемдесе, онда аталған сома жеткілікті», — деді депутат.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда