
Мәжіліс депутаты Динара Закиева аз қамтылған отбасылардағы әр балаға берілетін атаулы көмек мөлшерін төменгі күнкөріс шегіне дейін көтеруді ұсынды. Оның сөзінше, бұл үшін қосымша 225 млрд теңге қажет. Қазір ең төменгі күнкөріс шегі 36 мың теңгеге тең, деп хабарлайды Stan.kz.
Мәжілісмен қазір құзырлы органдардың «Балалар жылына» арналған жоспарды дайындап жатқанын мәлімдеді. Осы орайда ол бірнеше ұсынысын білдірді.
«Бірінші, аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау мақсатында әр балаға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ең төменгі күнкөріс шегіне дейін көтеру. Қазір төменгі күнкөріс шегі 36 мың теңгеге тең. Бұл үшін қосымша 225 миллиард теңге қажет», — деді Динара Закиева.