jasqazaq.kz

Депутат ақшаны босқа шашқан Үкіметті сынады

28 қазан 2019, 16:11

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын талқылау кезінде «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезіндегі проблемаларды есте ұстаған жөн.
ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған үкімет сағатында депутат Мұхтар Ерман үкіметтен қыруар ақша бөлініп, бірақ қолданысқа берілмеген E-learning, яғни электрондық оқыту жүйесін еске алды.

— «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын талқылау кезінде «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезіндегі проблемаларды есте ұстаған жөн. Есеп комитетінің мәліметінше, аталған бағдарламаның бірқатар іс-шаралары толық көлемде орындалмаған. Мәселен, Білім және ғылым министрлігі әзірлеген 35 миллиард теңгенің E-learning — электрондық оқыту жүйесі сол күйі іске қосылмады. Мемлекеттік органдар бұл бағдарламаға 217 млрд теңге бөлінді деп елге жар салды, ал іс жүзінде республикалық және жергілікті бюджеттерді, сондай-ақ ұйымдардың бөлген өз қаражатының бәрін есептегенде ол 371 млрд теңгені құраған, — деп еске алды ол өткенді.
Оның айтуынша, Цифрлық Қазақстанға республикалық бюджеттен 141 миллиард және квазимемлекеттік сектордан 169 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Айта кетсек, кезіндегі Білім министрі Ерлан Сағадиев электронды оқулықтарға мемлекеттен ақша бөлініп, ол жасалып жатқанын, оқушының «ауыр сөмке» мәселесін осылай шешкелі жатқандарын айтып еді.

Zakon.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда