jasqazaq.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Денис Теннің диагнозын жариялады

20 шiлде 2018, 10:49

Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапқан Денис Тен бірнеше жерінен жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Диагноз көптеген тілінген жарақаттармен байланысты болды. Атап айтқанда, оң жақ сан мен бөксеге көптеген тілінген жара түскен. Сонымен қатар беті мен қос тізесінің буындары жараланған. Қансырау шогы салдарынан клиникалық өлім болды», — деді тілшілерге берген сұхбатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева. Оның сөзіне қарағанда, жедел жәрдем бригадасының берген түсініктемесінде спортшы көп қан жоғалтқан. Аққан қан 1х1,5 метр жерге жайылып, шамамен 3 литрді құраған. Медициналық мәліметтерге сәйкес, сандағы күретамыр тұсында магистральдық қан тамыры зақымданған кезде, қан жоғалтудың қатерлі жағдайы 2-3 минутта орын алады. «Бұл үлкен магистральды қан тамыры. Сондықтан қан жоғалтудың көлемі қауіпті деңгейде болды. Дәрігерлердің мәліметінше, Дениске келтірілген жарақаттар өте ауыр. Бірінші кезекте, жарақат алған уақытта қан тоқтатуға арналған жгут неғұрлым ертерек салынса, соғұрлым жақсы болар еді. Сәйкесінше, қан жоғалту көлемі де аздау болады. Осыған орай оның өмірін құтқарып қалу мүмкіндігі де артар еді», — деді вице-министр.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді