jasqazaq.kz

Денсаулық сақтау министрі «үнді» штамына байланысты мәлімдеме жасады

22 маусым 2021, 11:19

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үнді штамына байланысты халыққа ескерту жасады. Министр көпшілікті сақтануға шақырды.

Бұл туралы министр үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

“Елордада коронавирус жұқтырғандар саны 40 пайызға өсті. Осыған байланысты осы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық саны 4 пайызға өсті. Еліміз “сары” аймақта. Ал Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймақта. Республика бойынша төсек орын сыймдылығы 52 пайызға, жансақтау бөлімдерінде 21 пайызға толды”, – деді министр.

Алексей Цой елордадан үнді штамына ұқсас вирустың анықталғанын айтып, барынша сақтануға шақырды.

“Қазақстан бойынша 4,5 миллион екпе салынды. Оның 12,8 миллионы — бірінші, 1,7 миллионы – екінші доза. Елордада “Дельта” үнді штамына ұқсас вирустың анықталғанынан байланысты вакцина салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын сақауды сұраймын”, – деді Цой.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айналымда «үнділік» штаммның болу ықтималдылығын анықтады. Мутацияның болуын және оның «Дельта» штаммына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия