jasqazaq.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырды

14 қыркүйек 2020, 11:23

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Бүгін елімізде республикалық вакцинация науқаны басталды. Осы орайда ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасына барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.

«Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан ерте, екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым», — деді А.Цой.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10 пайызынан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 млн. астам дозасын сатып алды. Вакцина құрамында тұмаудың үш штаммы және қарсы антиген бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасына тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 7200 дозасын бөлген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық