Соңғы бірнеше жылда әлемде темекі шегушілердің денсаулығына зиянды азайтуға арналған никотинді жеткізудің баламалы жүйелерінің мүлдем жаңа нарығы құрылды. Жаңа, зияны аз, құрамында никотин бар өнімдерді реттеу мәселесінің әлеуметтік және экономикалық құрамдас бөлігі орасан. Әлемде тәуекел-бағытталған реттеу саясатын табысты қолданатын елдер аз емес, аталмыш ұстанымның негізі бұл өнім денсаулыққа неғұрлым аз зиян келтірсе, соғұрлым оған аз салық салынуы тиіс дегенді аңғартады.

Еуропада никотинді жеткізудің баламалы жүйесі шылым шегуге қарсы күрестің қолданыстағы тәсілдерінің бірі болып табылатынына сенімді. Өйткені бұл қатаң ғылыми тәсілге негізделеді. Бүгінгі таңда Еуропада жаңа өнімдерге жеткілікті зерттеулер жүргізілуде, соның ішінде мемлекет қаржыландыратын зерттеулер де бар. Зерттеулерден алынған нәтижелер электронды темекі мен табак қыздыру жүйелерін (мысалы, IQOS) пайдалану дәстүрлі темекі шегуге қарағанда зиянды емес, себебі вейп және IQOS аэрозолында әдеттегі темекі түтініне қарағанда орташа есеппен 95%-ға аз зиянды заттар бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Еуропа елдеріндегі жаңа өнімдерді реттеу мәселелері әлі де қалыптасу кезеңінде, бірақ қазірдің өзінде жаңа өнімдер темекіге қарағанда жеңілірек реттеуге ұшырауы тиіс деген мысалдар кездеседі. Осылардың арасында ең қызықтыларының бірі – Чех Республикасының тәжірибесі.

Тұтынушыға ақпараттандырылған таңдауға құқық бере отырып, ЕО заңнамасы құрамында никотин бар балама өнімдердің жарнамасына рұқсат береді және оларды дүкендерде орналастыруға тыйым салмайды. Еуроодақтың барлық елдері үшін ортақ жаңа өнімдерге қатысы бар ғылыми зерттеулер туралы Одақ мүшелеріне хабарлау қажеттігі туралы бөлім болды, сондай-ақ нарыққа шығару кезінде халық үшін тәуекелдер мен пайданың арақатынасына талдауды ұсыну болды. Сонымен қатар, құжат одаққа қатысушы елдерге өзіндік балама өнімдерді авторизациялау жүйесіне ие болуға мүмкіндік береді және Чехия осындай мүмкіндікті пайдалана алды.
Чехияда бес адамның біреуі темекі шегеді. ДДҰ-ның ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, елде реттеуді күшейтуге бағыт алған, алайда заң жобасын әзірлеушілер темекі мен никотинді тұтынуға бақылау орнатуға бағытталған шараларға аса сақтықпен қарайды. Жақын арада әзірленген 2019-2027 жылдарға арналған ұлттық стратегияның негізгі міндеті зиянды азайту мен тәуекелге бағдарланған реттеу болып табылады.

Чех Республикасы зияны аз өнімдерге (табак қыздыру жүйелері және электронды сигарет — ред.) тәуекелге-бағдарланған салық салумен қолдау көрсетеді. Бұл елде акциз ставкасы дәстүрлі темекіге қарағанда 80 пайызға төмен. Сондай-ақ Чехияда табакты қыздыру жүйелеріне, вейпқа және басқа да темекі шегуге балама зияны аз өнімдерді жарнамалауға рұқсат етілген.
Жуырда Чехия Парламентінің Төменгі палатасы табак қыздыру жүйесіне салық салу туралы заң жобасын бекітті. Заң жобасына Президент қол қойып, заң жинағында жарияланды және оған сәйкес табак қыздыру жүйесі төмендетілген мөлшерлемелер бойынша салық салынатын өнімдердің жеке санатына бөлінген. Бұл ретте, бекітілген заң жобасына түсіндірме меморандумда денсаулыққа келтірілген зиянның төмендетілген деңгейі дәстүрлі темекімен салыстырғанда табак қыздыру жүйелеріне қатысты төмен мөлшерлеме туралы шешім қабылдау үшін негіздеме ретінде келтіріледі.
«Табак өнімдеріне салық салу мәселесінде» «зиянды төмендету» принципін ескере отырып, мөлшерлеу қамтамасыз етіледі, оған сәйкес дәстүрлі өнімдермен салыстырғанда адам денсаулығы үшін зиянды өнімдер өзге тәртіппен салық салынуға жатқызылады», — делінген құжатта.
Мұндай тәсіл тұтынушыларға дұрыс ақпараттандырылған таңдау жасауға көмектеседі, өйткені өз денсаулығы туралы ойлау аздық етеді, тәуекелі төмен өнімді сатып алуға қаржылық мүмкіндігі болуы керек. Сондай-ақ баламалы зияны аз өнімдерге адал қарым-қатынас тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді. Ал темекі шегушілерге қауіп-қатері төмен сапалы балама өнім туралы ақпарат жеткізу тұтынушылардың темекіден толық бас тартуы немесе денсаулыққа зиянды баламаға көшуі үшін өте маңызды.