jasqazaq.kz

Денис Теннің өліміне күдікті қылмысын мойындады

20 шiлде 2018, 10:05

Денис Теннің өліміне байланысты ұсталғандардың бірі қылмыс жасағанын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы ұсталды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады, осы іске адвокат қатысып отырды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктінің де кім екені анықталды. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», -деді прокурор Берік Жүйректаев БАҚ өкілдерімен болған брифингте. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі бойынша жүріп жатыр.

Айта кетейік, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақтан алған жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні түс кезінде жеткізілді. Алматы қалалық ІІД-нің мәліметтері бойынша, белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрламақ болған. Оқиғаның үстінен түскен спортшыны ұрылар жамбасынан жарақаттаған. Спортшы 3 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Кешірек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов спортшының қаза болғандығын жариялады.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді