jasqazaq.kz

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам ұсталды

27 шiлде 2018, 11:40

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үш адам қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бас прокуратура аталған істі бақылауына алды, процессуалды прокурор тағайындалды. Қазіргі таңда екі бап бойынш іс қозғалды: «Адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен жасалған қасақана адам өлтіру» және «Адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен жасалған қарақшылық». Аталған қылмысты жасады деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Жиналған айғақтар жеткілікті, прокурор заңдылықты тексеріп жатыр, сот қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», —деді ол.

Ахметжанов үшінші адамның қылмыс туралы хабар бермегені үшін қамауға алынғанын атап өтті.
«Үшінші адамға қатысты ішкі істер органдары тергеу барысы туралы ақпарат береді», — деді Ахметжанов ОКҚ-дегі баспасөз мәслихатынан кейін.
Ол ұсталған үшінші адамның кім екенін айтудан бас тартып, мұның тергеу құпиясы екенін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің үстінен түскен. Арада жанжал шығып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алды. 3 литр қан жоғалтқан спортшы екі сағаттан соң, кешкі 17:30-да ауруханада көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 шілде күні таңертең Денис Тенді өлтірді деген күдікпен Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы Нұралы Қиясов ұсталды. Сол күні кешке екінші күдікті Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов қолға түсті. Екі күдікті де кінәсін мойындады. Оларға қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеуді бақылауға алуды тапсырды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді