jasqazaq.kz

Денис Теннің өліміне қатысты сот талқылауы басталды

03 қантар 2019, 12:12

Алматыда белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Процесс Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

– 25 желтоқсан күні Денис Теннің өліміне байланысты алдын ала тыңдаулар өткен болатын. Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров Денис Тен тапсырыспен өлтірілді деп мәлімдеме жасаған еді. Сол себепті Теннің отбасының қорғаушысы судьядан істі қосымша тергеуге жіберуді сұраған еді. Алайды осы іске төрағалық етуші судья Кеңшілік Әбдельдинов істі қосымша тергеуге жіберуге еш негіз жоқ екенін айтып, басты талқылауды 3 қаңтарға белгілеген болатын.

Бүгінгі басты талқылауға 100-ден астам адам жиналды. Олардың арасында марқұмның туысқандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Денистің өліміне кінәлі деген айыппен Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және қылмысты біле тұра тиісті органдарға хабарламағаны үшін Жанар Толыбаева қамауға алынған болатын. Бұған дейін белгілі болғандай, Арман Құдайбергенов 1994 жылы 24 қыркүйекте Қызылорда облысы, Байқоңырда туған. Бұған дейін де істі болған. Ұсталғанға дейін Алматының Шаңырақ ықшам ауданында пәтер жалдап тұрып келген. Екінші айыпталушы Нұралы Қиясов 1994 жылы 10 ақпанда Жамбыл облысының Мрекі ауданында туған. Бұған дейін сотталмаған. Ол көлік жуумен жан бағып келген. Ол да Шаңырақ ықшам ауданында туған ағасымен бірге пәтер жалдап тұрып келген. Үшінші айыпталушы Жанар Толыбаева Өзбекстанда туған. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы. Ол ауыл мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеп келген. Күйеуімен ажырасып кеткен. Төрт жасар баласы бар. Алдын ала талқылау кезінде Жанар Толыбаеваның тағы да жүкті екені белгілі болды. Ол өзінің Арман Құдайбергеновпен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Жүктілік мерзімі – шамамен 7 ай. Қылмыстық істің көлемі – 38 том. Істі судья Кеңшілік Әбделдинов қарап жатыр. Арман Құдайбергенов ҚР ҚК 188, 192 және 99 баптары бойынша айыпталып отыр. Ал Нұралы Қиясов ҚК 192 және 99 бабы бойынша айыпталып отыр. Жанар Толыбаева ҚР ҚК 188 және 434 баптары бойынша айыпталуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде