jasqazaq.kz

Денис Теннің өлімі бойынша сот үкімі шықты

17 қантар 2019, 17:16

Бүгін, 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де шықты. «Құдайбергеновты кінәлі деп тауып, оны 18 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы кесілді. Қиясовты кінәлі деп тауып, оны 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін», — деді судья.

Сондай-ақ сотталушы Жанар Толыбаева да төрт жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейтін болады. Алайда оның жүктілігіне байланысты ол жазасын кейін өтейді. Реальный срок также получила третья подсудимая — Жанар Толыбаева. Однако в связи с ее беременностью и наличием четырехлетнего сына, ей дали отсрочку для отбывания наказания. Кеше, 16 қаңтарда сотталушылар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Құдайбергенов ұрлық, қарақшылық жасады және адам өлтірді деп айыпталса, Қиясов қарақшылық пен адам өлтірді деп айыпталып отыр. Ал Толыбаева ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталып жатыр. Мұның алдында прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. «Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», — деген еді прокурор Досов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық