jasqazaq.kz

Денис Теннің анасы жанжалдан соң қызметінен кетті

14 ақпан 2022, 16:12

Қазақстан конькимен жүгіру спорты федерациясының вице-президенті Оксана Тен қызметінен кетті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Мұндай шешім ұйымның құрылтай жиналысының қорытындысы бойынша қабылданған. Құрылтайшылардың жалпы дауыс беруімен вице-президенттердің лауазымдары жойылды. Бұл туралы федерацияның сайтында хабарланды.

«Құрылтайшылар 2021 жылдың қорытындысын шығарып, даму перспективаларын талқылады және федерация құрылымын оңтайландыру, сондай-ақ жұмыс сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шешім қабылдады», – делінген федерация сайтында.

Бұған дейін конькимен жүгіру спорты федерациясында жанжал шыққан болатын. Бірнеше жаттықтырушы Денис Теннің анасын пайда көру мақсатында билікті тартып алды деп айыптап, оның отставкаға кетуін талап еткен болатын. Ал Оксана Тен брифинг барысында бұл айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айтып, құжаттардың барлығы ашық түрде жүргізілетінін алға тартты.

24.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр