jasqazaq.kz

Денис Тенді тапсырыспен өлтірген бе?

25 желтоқсан 2018, 11:57

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдалым барысында Денис Теннің анасы Оксана Теннің қорғаушысы істі қайта қарауды сұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі сот залынан хабарлады.

«Денистің анасы екеуіміз 38 томдық істі қарай келе қарама-қайшылыққа толы 14 деректі таптық. Ол деректер бұл қылмыстың тапсырыспен болғанын көрсетеді. Сондықтан, ол тұлғаларды да жауапқа тарту үшін аталған істі бөлек өндіріске бөлу мақсатында прокурорға қайта қарауға жіберуді сұраймыз»,- деді Оксана Теннің өкілі Нұрлан Өстеміров. Процессуалды прокурор Қуандық Досов істі қайта қарау туралы талап арызды қанағаттындырмауды өтінді. Судья аталған талап-арызды кеңесу бөлмесінде шешетінін айтты. Сонымен қатар, прокурор іс бойынша 26 куəгер сұралатынын айтты. Мұның алдында сотталушылардың жеке тұлғасы белгілі болған еді. Сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүкті екенін мəлімдеген болатын. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

Фото: Tengrinews.kz

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер