jasqazaq.kz

Денесін қоқыспен бірге өртеген

02 қазан 2019, 14:46

Алматы облысында ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген. Оқиғаға қатысты үш адам күдікке ілініп, екеуі тұтқындалған. Алайда үшіншісі қашып кетіп, мемлекетаралық іздеу жарияланыпты. Бүгінде полиция ер адамды тұқтқындады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, 2018 жылдың желтоқсан айында Қарабұлақ аулының шетінен Талғар ауданының 35 жастағы тұрғынының жартылай өртенген денесі табылған. Сараптама нәтижесінде ер адамның пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталыпты.

Белгілі болғандай, қылмыс 29 желтоқсанда төрт азамат ішімдік ішіп отырған кезде орын алған. Күдіктілер ер адамды өлтіргеннен кейін, оның денесін арбаға салып, ауыл шетіне алып барып, тұрмыстық қоқыспен бірге өртеп жіберген.

Талғар аудандық полициясы оқиғаға қатысы бар үш күдіктіні анықтап, екеуін тұтқындады. Ал үшіншісі қашып кеткеннен кейін, оған мемлекетаралық іздеу жариялаған.

«Іздестірілген ер адам туралы мәлімет барлық полиция бөлімшесін таратылып, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды. Қабылданған шаралар нәтижесінде, таяуда күдікті Алматыда тұтқындалды. Қазіргі уақытта ер адам Талғар аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, қамауға алынды», — дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Мұрат Үрімханов.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда